RU
Прокуратура Руслан Жанпейісовті изолятордан неге босатқанын түсіндірді

Прокуратура Руслан Жанпейісовті изолятордан неге босатқанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Шымкент прокуратурасы блогер әрі азаматтық белсенді Руслан Жанпейісовті қамаудан босатудың 7 себебін атады деп жазады Vera.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Прокуратурада себеп ретінде күдіктінің аты-жөні анықталғаны, оның қалада тұрғылықты тұратын жері бар екендігі және тергеуден жасырынуға тырыспағаны айтты.

Одан бөлек, кәмелетке толмаған балаларының болуы, пробация бақылауы мен қайта қылмыс жасалуының болмауы маңызды рөл атқарған.

Сондай-ақ, органда "Бұзақылық" бабы бойынша бұған дейін күдікке ілінген белсендінің ісі жабылғаны хабарланды. Бұған қылмыстық құрамның болмауы себеп болған.

Сонымен Жанпейісов күдікті ретінде екі бап бойынша (денсаулыққа қасақана орташа дәрежеде зиян келтіру және билік өкілін қорлау) айыпталып жатқаны белгілі болды.

Олардың тек бірі ғана қылмыстық іс, ал екіншісі қылмыстық теріс қылық болып табылады.

Блогер қасақана зиян келтіргені үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйекте белсенді, қоғамдық құқық қорғаушы Руслан Жанпейісовтің ұсталғаны хабарланды. Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталған.

Кейін желіде белсендінің тұтқындау сәтінен видео пайда болды. Ал 28-ші қыркүйекте Жанпейісовтің қамаудан босатылғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel