RU
Головкин екі чемпиондық атақ үшін Нью-Йоркке келіп жетті (фото, видео)

Головкин екі чемпиондық атақ үшін Нью-Йоркке келіп жетті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Генадий Головкин Нью-Йоркке келді. Ол 5 қазан күні шаршы алаңда украиналық Сергей Деревянченкомен кездеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Боксшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жек аптасы басталғанын жариялады.

Ол жанкүйерлерін 2 қазанда өтетін ашық жаттығу жиынына және осы жұмада өтетін салмақ өлшеу рәсіміне шақырды.

Одан бөлек, қазақстандық спортшы АҚШ-тағы спорт басылымдарының қонағы болып, сұхбат берді.

Сұхбат беру сәтінің үзінді Марат Жолдаспаевтың Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды.

Сондай-ақ, Головкин Нью-Йорк қор биржасы (NYSE) ғимаратында түскен суретімен әлеуметтік желіде бөлісті.

Естеріңізге салсақ, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі келесі сенбі, 6-қазанда, Нью-Йорктегі Мэдисон-сквер-гарден аренасында өтеді. Олар IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel