RU
"Миллионға сырын ашты": Сергей Лазарев жұрттан жасырған кішкентай қызын көрсетті (фото)

"Миллионға сырын ашты": Сергей Лазарев жұрттан жасырған кішкентай қызын көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің танымал әншісі Сергей Лазарев ұлы Никитиадан бөлек көптен жасырып жүрген қызының бар екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші сырын ресейлік "Секрет на миллион" бағдарламасында ашқан. Бағдарлама жүргізушісі Лера Кудряцеваның бірінші баласы Никита туралы сұрағына жауап берді.

"Әрине, мен ұлым туралы шексіз айта аламын. Ол маған күш береді. Балама ботқа пісіріп, ертегі айтып беремін. Демалысымның бәрін баламмен өткіземін", - деді әнші.

Сондай-ақ, ол екінші баласы барын да жасырмады. Әншінің сөзінше, оның кішкентай қызы бар.

"Иә, Никита менің жалғыз балам емес. Бұған дейін менің бір күнім болған, қазір екеу. Үйге бұрынғыдан да қатты асығамын. Қазір бұрынғыдан да қатты шабыттанып, қанаттандым", - дейді Лазарев.

Әншінің қызының есімі Анна, жасы бірде екенін айтты. Сонымен қатар ресейлік жұлдыз қызы мен ұлының анасы да бір екенін мәлімдеді.

"Екеуі бір-біріне қатты ұқсайды. Аня Никитаның көшірмесі. Екеуінің биологиялық аналары бір, бірақ өмірге әкелген суррогат аналары екі түрлі", - деп әнші миллионға сырын ашты.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін БАҚ өкілдері Сергей Лазеровтың екінші рет әке атанғанын жазған еді. Алайда әнші ол кезде бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel