RU
"Серік Күдебаевтың бұған қатысы жоқ": Тұрғымбаев алматылық дәрігерлердің ісіне пікір білдірді

"Серік Күдебаевтың бұған қатысы жоқ": Тұрғымбаев алматылық дәрігерлердің ісіне пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында алматылық дәрігерлердің ісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

"Тергеуді не ішкі істер министрлігі, не Серік Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган Экономикалық тексеру қызметі жүргізді. Не министрліктің, не прокуратураның тарапынан ешқандай қысым болған жоқ. Мұндай шешімді аталған орган өзі қабылдаған, ал санкцияны тек сот береді", - дейді Тұрғымбаев.

Журналистердің дәрігерлердің қамалуына Серік Күдебаевтың (Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы) қатысы жоқ па деген сұрағына мақұлдап жауап берді.

Еске сала кетейік алматылық дәрігерлер полиция департаментінің басшысы Серік Күдекбаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған.

Бас дәрігерҚанат Тезекбаевтың әйелі істің әділ тергелмеуінен қауіптеніп, бұл жағдайды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан өз бақылауына алуын өтінген еді.

Сондай-ақ, Дәрігерлер қауымдастығы да денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан әріптестеріне араша түсуді сұрап, хат жолдаған.

Нью-Йоркте жүрген мемлекет басшысы да аталған іске қатысты пікір білдірді.

Дәрігерлер артынша ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды.

Сіздің реакцияңыз
10
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel