RU

Тұрғымбаев қамалған дәрігердің шашы неге тықырлап алынғанын түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев уақытша ұстау изоляторында отырған Қанат Тезекбаевтың шашы неге тықырлап алынып тасталғанын түсіндіріп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министр, мұндай шара санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау мақсатында қолданылатынын айтты. Сондай-ақ, ведомство күдіктілердің шашын алмау туралы шешім шығарғанын атап өтті.

"Тергеу изоляторларында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау үшін 1,5 сантиметрге дейін (күдіктілердің шашын - ред.) қысқарту туралы бұйрық шығарылған, (бірақ - ред.) қырып тастамайды", - деді Тұрғымбаев.

Оның сөзінше, кеше, 30-қыркүйекте министрлік отырысында аталған бұйрықтың күшін жою туралы шешім қабылданған.

"Енді мен бұл бұйрықты алып тастау туралы шешім қабылдадым және сот шешімі шыққанға дейін, адам белгіленген колонияға орналастырылғанға дейін бұл шара қолданылмайды", - деп түйіндеді министр.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін қамауға алынып, қолхатпен босатылған дәрігер Қанат Тезекбаевтың әйелі күйеуінің шашын тықырлап алып тастады деген болатын.

Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев қамауға алынған алматылық дәрігерлердің ісіне қатысты пікір білдірді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тұрғымбаев қамалған дәрігердің шашы неге тықырлап алынғанын түсіндірді
Mailfire view pixel