RU
"Украина аруын" ана тілінде сөйлеуден бас тартқаны үшін эфирден алып тастады

"Украина аруын" ана тілінде сөйлеуден бас тартқаны үшін эфирден алып тастады

Рассказать Вконтакте

"Украина аруы" 2019 титулының иегері 24 жастағы Маргарита Паша украин тілінде сұхбат беруден бас тартқаны үшін "1+1" телеарнасының эфиріне шықпайтын болды деп хабарлайды 24 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Украиналық арумен жоспарланған сұхбаттың болмайтынын "Светская жизнь" бағдарламасының жүргізушісі, журналист Екатерина Осадчая хабарлады.

Болжам бойынша сұхбат осы бағдарламаның аясында өтуі керек еді.

Ару айналасында туындаған даудың өршіп кетуіне байланысты Instagram парақшасына жазба жариялап, мәселені шешпек болды.

Ол өз сөзінде, қалаған тілде сұхбат беруге құқылы екенін, оның бұл шешіміне көңілі толмағандардың оның парақшасын оқымай кетуіне болатынын сөз етті.

Алайда жазба көпшіліктің бұл мәселені одан бетер талқылауына әкеп соқты. Сол себепті ару сұхбаттың тіл мәселесіне емес, оның денсаулық жағдайына байласты болмағанын айтып, тағы бір жазба қалдырған.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel