Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Томирис" фильмінің қазақша нұсқасы жарыққа шықты (видео)

Опубликовано:

Жақында ғана көрерменге ұсынылған "Томирис" тарихи туындысының қазақша нұсқасы кинотеатр экрандарына жол тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/akansatayev
Фото: instagram.com/akansatayev: Instagram

Мұндай ақпаратты фильмнің режиссері Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Достар, бүгіннен бастап, "Томирис" фильміміздің толық қазақша нұсқасын біздің "Меломан" дистрибьютор компаниямыз кинотеатрларға тарата бастады. Киномыздың қазақша нұсқасын күтіп қалғандарыңыз үшін, шын жүрегімізден кешірім сұраймыз!", - деді режиссер.

Айта кетсек, бұған дейін кинотеатрлардан тарихи туындының қазақша нұсқасы көрсетілмеуі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен еді.

Кейінірек, Ақан Сатаев фильмнің қазақша нұсқасы барын, титрларды латын әліпбиімен жазғандықтан бірнеше грамматикалық қате кеткенін, оның тез арада түзетілетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819744-tomiris-filmini-kazaksa-nskasy-zaryk-sykty-video/

pixel