RU

Чемпиондар лигасы: Мәскеуге кеткен танымал футболшының үйін тонап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мадридтік "Атлетиконың" белгілі футболшысы Томас Партидің үйінен ұрлықшылар түскен. Бұл кезде жартылай қорғаушы командасымен бірге Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турын өткізу үшін Мәскеу қаласына ұшып кеткен деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Спортшының үйі Испания астанасының жанындағы Боадилье-дель-Монте қалашығында орналасқан.

Оқиға ганалық футболшы клубтастарымен Мәскеу қаласына ұшып кеткенде орын алған.

Ұрлық кезінде үй жинаушы қызметкер болыпты.

Қылмыскерлер оны қорқытып, бағалы заттар мен ақшаны қолды қылған.

Алайда, үй қызметкері зардап шекпеген.

Айта кетейік, "Атлетико" Чемпиондар лигасының аясында мәскеулік "Локомотивпен" ойнайды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Чемпиондар лигасы: Мәскеуге кеткен танымал футболшының үйін тонап кетті
Mailfire view pixel