Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Еуразиялық экономикалық кеңес аясында бірқатар кездесу өткізді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лунмен кездесіп, бірқатар саладағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Бұл туралы Қазақстан президенті Twitter-дегі парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Twitter.com/TokayevKZ
Фото: Twitter.com/TokayevKZ: Twitter
"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Сингапур Премьер-министрі Ли Сянь Лунмен кездестім. Елбасы мен оның әкесі, марқұм Ли Куан Ю жақсы достар болған еді. Сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығымызды нығайтуға уағдаластық", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Иран президентімен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Фото: Twitter.com/TokayevKZ
Фото: Twitter.com/TokayevKZ: Twitter
"Иран Президенті Хасан Руханимен кездесуде ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін талқыладық. Сауда-экономикалық саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса мән бердік", – деп жазды Қазақстан президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1819775-prezident-eurazialyk-ekonomikalyk-kees-aasynda-birkatar-kezdesu-tkizdi/

pixel