Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүргізуші байқамаған: Өскемен тұрғыны трамвайдан құлап түсті

Опубликовано:

Өскеменде жасы егде тартқан тұрғын трамвайдан құлап, есінен танып қалған. Оқиға бүгін түскі уақытта орын алды деп хабарлайды ustinka.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: inbusiness.kz
Көрнекі фото: inbusiness.kz: Instagram

Белгілі болғандай оқыс оқиға трамвай көлігі жүретін Мызы көшесінде орын алған.

Трамвай жүргізушісі жолушының есіктен шығып бара жатқанын байқамай, есікті жауып қалыпты. Ер адамның қысылып қалғанын байқаған өзге жолаушылар болған жайтты бірден жүргізушіге жеткізген.

Көлік жүргізушісі трамвай есігін ашқаны сол еді, жасы егде тартқан ер адам асфальқа құлап түскен.

Оқиға орнына бірден жедел-жәрдем қызметкерлері мен полиция келіп жеткен.

Анықталғандай, 69 жастағы ер адам иық пен жамбас жарақатын алған. Трамвай жүрісі тек 45 минут өткен соң қалпына келтірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1819793-zrgizusi-bajkamagan-skemen-trgyny-tramvajdan-klap-tsti/

pixel