RU

Қамауға алынған Бағдат Манзоровтың ісі әлі сотқа түспеген

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісі санкция шығару үшін әлі сотқа түскен жоқ. Бұл туралы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бағдат Манзоров. Фото: Алматы телеарнасы
Бағдат Манзоров. Фото: Алматы телеарнасы: Facebook

Басылым ҚІЖК бойынша ұсталған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы 72 сағаттың ішінде шығу қажеттігін атап өтті.

Әкімдікте түсіндіргендей, Манзоров 25 қыркүйек күні іс-сапарға кеткен. Келесі күні оның ұсталғаны туралы ақпарат тараған. 27 қыркүйекте бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады.

Дегенмен, Алматы қалалық және Алматы облыстық соты бұлтартпау шарасына қатысты сұрақты қарау үшін істің әлі түспегенін хабарлады.

30 қыркүйек күні Бағдат Манзоровтың босап шыққаны туралы ақпарат тарады. Алайда, ол ресми түрде расталған жоқ.

Айта кетейік, Бағдат Сайланбайұлы бұл қызметке осы жылдың шілде айында келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1819798-kamauga-alyngan-bagdat-manzorovty-isi-li-sotka-tspegen.html