Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмас Кішкенбаев Нұр-Сұлтандағы екі бөлмелі пәтерін ұтысқа тікті (видео)

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Алмас Кішкенбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы бизнес санатындағы екі бөлмелі пәтерін ұтысқа тікті. Әнші әлеуметтік желіде ауқымды конкурс ұйымдастырып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Facebook

Кішкенбаевтың айтуынша, елорданың қақ ортасындағы пәтермен қатар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар да табыс етіледі.

Нақтырақ айтқанда, 200 адам бес мың теңгеден, 40 адам 10 және 20 мың теңгеден, 10 адам 50 теңгедеден алады. Сондай-ақ, 5 адам 100 мың теңгеге ие болса, төрт адам 150 мың теңге жеңеді. Ал бес адам Iphone X ұялы телефонының жеңімпазы атанады.

Байқаудың әділ өтуіне сендірген эстрада жұлдызы тікелей эфирге кіріп, өз үйін де көрсетіп шыққан. Осылайша, ол көпшілікті конкурсқа белсене атсалысуға шақырыпты.

Бұл конкурстың қатысушысы атану үшін 10 мың төлеу қажет. Конкурс 25 желтоқсанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819804-almas-kiskenbaev-nr-sltandagy-eki-blmeli-pterin-tyska-tikti-video/

pixel