Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазан айында елімізде 28 градус ыстық болады деп күтілуде

Опубликовано:

Қазан айында Қазақстанда ауа райы жылы болады деп күтілуде. Кейбір аймақтарда термометр бағаналары плюс көрсеткішімен 20 градустан жоғары көтерілуі мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Метеорологтардың мәліметінше, республика аумағына жақын апталарда жылу қайта оралады. Мамандардың пікірінше, алдағы ауа райындағы өзгерістер қазақстандықтар үшін ыңғайлы болады.

Алдын ала болжам бойынша, айдың басында еліміздің солтүстігінде термометр бағаналары күндіз 15...23 градусқа дейін жетуі мүмкін. Оңтүстікте бұл көрсеткіш 20...28 градусқа дейін жетеді.

Түнгі кезде, әсіресе солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде күн батқаннан кейін -2 ... -10 градусқа дейін суытады. Кей жерлерде бұл көрсеткіш 3 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Алайда, жылы күндер бірінші онкүндіктің соңында суық күнге ауысады. Бұл кезде тек ауа райы суып қана қоймай, сонымен қатар жауын-шашын да болады. Алдымен термометр бағандары елдің батыс бөлігінде түсіп, содан кейін суық бүкіл Қазақстанға тарайды.

Суық түскеннен кейін күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстікте 7...15 градустан оң белгісімен көтерілмейді, шығыста 8...18 градус және оңтүстікте 12...20 градус жылы болады.

Сондай-ақ, осы кезеңде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Жалпы республиканың барлық аумағындағы ауа температурасы климаттық нормаға сәйкес келетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819821-kazan-ajynda-elimizde-28-gradus-ystyk-bolady-dep-ktilude/

pixel