RU
Руслан Жанпейісов Ішкі істер министрлігімен соттасуға ниетті

Руслан Жанпейісов Ішкі істер министрлігімен соттасуға ниетті

Рассказать Вконтакте

Танымал қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігімен соттасуға ниетті екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның қорғаушысы Закир Асадовтың айтуынша, Ішкі істер министрлігі Руслан Жанпейісовтың бұдан бұрын қандай жазаға тартылғаны жөнінде ақпарат жариялаған, алайда, олар атаған бап бойынша қоғам белсендісі заң алдында жауап беріп қойған.

"Қазіргі уақытта бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, өйткені менің қорғалушымның соттылығы ресми түрде 2018 жылдың 23 тамызында жойылған. Және бүгінгі таңда Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес ол ресми түрде сотталмаған тұлға болып табылады", – деп мәлімдеді Закир Асадов.
"Бұдан бөлек, баспасөз хабарламасында менің қорғалушыма 107 бабтың 2-бөлігі 5-тармағы бойынша тағылған айыпқа баса назар аударылып (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру), зардап шегушінің сараптамасының нәтижелері ашылды, осылайша, тергеу құпиясы ашылды.
Бұндайға жол берілмеу керек. Мен де, қорғалушым да ол кезде бұл сараптаманың нәтижелерінен хабарсыз болдық. Тіпті, ол сараптаманың жүргізілгенінен де бейхабар едік. Бұл туралы тек полицияның баспасөз хабарламасынан білдік", – дейді қорғаушы.

Руслан Жанпейісов өзін тұтқындау кезінде, атап айтқанда, аудандық полиция бөлімінің ішінде, кейін полиция ғимаратының ауласында қолына кісен салып алып бара жатқан кезде оны ұялы телефонның камерасына түсіріп жүргенін, кейіннен бұл видеоның әлеуметтік желіде жарияланғанын атап өтті.

"Бұл полиция қызметкерінің ісі, әйтпесе ешкімге, тіпті, қорғаушыларға да видеокамерасы бар ұялы телефонмен полиция бөліміне кіруге рұқсат етілмейді. Аталған видеоның түсірілімі және кейіннен әлеуметтік желіге жариялануы менің беделімді түсіру мақсатында жасалды.
Менің абыройым мен іскерлік беделімді қорғау жөнінде ІІМ-нің үстінен сотқа арызданамыз. Ал маған қатысты қозғалған қылмыстық іс жөнінде айтар болсам, мен тек өз-өзімді қорғап қалуға тырыстым", – деп түсіндірді Руслан Жанпейісов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын танымал блогер, қоғамдық құқық қорғаушы Руслан Жанпейісовтің Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалынған хабарлаған болатынбыз.

Кейіннен 28 қыркүйекте оның қамаудан босатылғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel