RU
"Чемпион болатыныма сенемін": Деревянченко жекпе-жек қарсаңында мәлімдеме жасады

"Чемпион болатыныма сенемін": Деревянченко жекпе-жек қарсаңында мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Алдағы жексенбі күні Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізетін Сергей Деревянченко жеңіске жететіне сенім білдірді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Украиналық боксшы алдағы кездесуді "өз мансабындағы ең қиын жекпе-жек" деп есептейді.

"Геннадий – фантастикалық боксшы, оны қатты құрметтеймін. Бірақ өзімнің әлі де жеңліс таппайтыныма, алдағы жекпе-жекте менің командамның айтқан болжамы орындалып – әлем чемпионы болатыныма сенемін", – дейді Деревянченко.

Еске сала кетейік, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 6 қазанда Нью-Йорктегі Мэдисон-сквер-гарден аренасында өтеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel