RU
ШҚО тұрғыны жүкті әйеліне келген ақ халаттыларды ұрып тастады

ШҚО тұрғыны жүкті әйеліне келген ақ халаттыларды ұрып тастады

Рассказать Вконтакте

Семейде жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Іші ауырған жүкті келіншекке көмек көрсетеміз деп келген ақ халаттылар оның мас күйеуінен соққы жеп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл оқиға туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Жазба ведомствоның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пайда болды.

Хабарламада жедел жәрдем станциясына қоңырау сағат 3:38- де келіп түскені айтылған. Хабарласқан азамат жүктілігіне сегіз ай болған жұбайының іші қатты ауырып жатқанын жеткізеді.

Дәрігерлер бригадасы аталған мекенжайға 9 минутта келіп жеткен. Келіншектің сөзінше, ол ауыруды 3:30- да сезінген.

Алдын ала диагнозға сәйкес, келіншек түсік тастаған болуы мүмкін. Сол себепті, ол тез арада ауруханаға жатқызылды.

Алайда, көмекке барған дәрігерлердің өзіне де әріптестерінің көмегі қажеті болған. Станцияның жедел бөліміне жеткен фельдшерлер өздеріне науқастың күйеуі шабуыл жасағанын айтқан.

Медицина қызметкерлерінің сөзінше, мас күйдегі азамат өзін агрессивті ұстаған. Ол дәрігерлерден әйеліне ауру басатын дәрі салуды талап етіпті. Сондай-ақ, азамат медициналық қызмет көрсету кезінде дәрігерлерді балағаттап, артынша қол көтерген.

Оқиғадан кейін бригада қызметкерлері полиция шақырып, әріптестеріне көмекке жүгінген. Диагностика уақытында екі фельдшерден де жабық бассүйек-ми жарақаты анықталды.

Ал мұрны сынған мас азамат тиісті медициналық тексерістен соң қамалды.

Жүкті келіншекке қажетті көмек көрсеткен дәрігерлер болса, нейрохирургиялық бөлімге жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel