Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда InDriver жүргізушісі дәрігерді зорлап, телефонын тартып алған

Опубликовано:

"Не молчи KZ" қоғамдық қоры әйелді зорлауға қатысты тағы бір фактіні жариялады. Бұл жолы Павлодарда InDriver қызметінің жүргізушісі дәрігер қызды зорлап кетті. Полиция департаменті қылмыстың тіркеуге алынғанын растады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқиға маусымның 1-нен 2-сіне қараған түні болған. Дәрігер қыз інісімен бірге кештен шығып, таксиге тапсырыс береді. Әуелі жігітті үйге апарып тастайды да, таксист ары қарай қызды жеткізбек болады. Бірақ мүлдем басқа жолға түсіп кетеді. Дәрігер бірден көлікті тоқтатуды сұрайды. Жүргізуші көлікті кілт тоқтатып, есіктерді құлыптап қояды да, артқы орындықта отырған қызды зорлап тастайды.

"Ол қыздың үстіндегі киімін жыртып, оның жылағанына және аяушылық танытуды сұрағанына қарамай, зорлайды. Арам ойын іске асырғаннан кейін "Айфон-8" ұялы телефонын (бағасы – 280 000 теңге) тартып алып, машинадан итеріп шығарған", - деп жазды әлеуметтік желіде "Не молчи KZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Таңертең дәрігер қыз құрбысымен бірге полицияға барып, арыз жазған. Ол сараптамадан өтіп, оқиға орнына барып, кешке дейін полиция бөлімшесінде жүреді. Сол күні таксист тартып алған телефонды қосқан. Қыз айклауд арқылы геолокацияны көріп, бірден полицияға жіберген. Соның арқасында күдікті қолға түсті.

"Басында ол бәрін жоққа шығарды. Алайда артынан қыздан кешірім сұрай бастады. Жеке-дара сөйлесуді сұрады. Сол кезде тергеуші кабинеттен шығып кетті. Ол түсіністікпен қарауды өтініп, екі баласы барын айтты. Ертесінде тағы хабарласып, кездесуге шақырған. Ол жерде қайтадан кешірім сұрап, моральдік шығын ретінде 100 мың теңге ұсынды. Қыздың құрбысы бәрін видеоға түсіріп алды", - дейді Дина Таңсәрі.

Айтуынша, осыдан кейін қыздың үйіне және жұмыс орнына күдіктінің туған-туыстары келе бастайды. Кешірім жасауды сұрап, қысым жасайды, қорқытады. Оларға қыздың мекенжайы мен жұмыс орны туралы кімнің ақпарат бергені белгісіз. Ал тергеу шаралары көп уақытқа созылып кетті. Қосымша сараптамалар уақытында жасалған жоқ. Дәрігер қыз прокуратураға шағым түсірген. Қыркүйектің басында тергеуші Сағатов жәбірленушіні тағы жауап алуға шақырады. Бірақ ол жерде күдікті бәрі өзара келісіммен болды деп шыға келді.

Павлодар облыстық полиция департментінің мәліметіне сәйкес, осы оқиға бойынша 2 маусымда қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша іс, ал 15 тамызда күш қолданып тонау фактісі бойынша тағы бір іс қозғалған. Күдікті ұсталды. Кейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1819898-pavlodarda-indriver-zrgizusisi-drigerdi-zorlap-telefonyn-tartyp-algan/

pixel