RU
Пашинян президенттік шағын автобуста Тоқаев және Путинмен тағы селфи жасады

Пашинян президенттік автобуста Тоқаев және Путинмен тағы селфи жасады

Рассказать Вконтакте

Армения премьер-министрі Никол Пашинян кезекті селфиді жариялады. Ол осы жолы әріптестері Тоқаев, Путин, Жээнбеков, Рухани және Додонмен президенттік шағын автобус ішінде суретке түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жолдағы селфи. Осы уақыт аралығында біз маңызды шешімдер қабылдадық", - деді Армения үкіметінің басшысы.

Кадрдан шағын автобуста отырған Пашинянды, алдыңғы орында отырған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековті, Молдова мен Иранның басшылары Игорь Додон мен Хасан Руханиді, Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путинді байқауға болады.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше, 1 қазанда Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook желісінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері басшыларымен жасаған селфиін жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel