RU
Жақында ұсталған Алматы облысы әкімінің орынбасары қандай күдікке ілінді?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жақында ұсталған Алматы облысы әкімінің орынбасары қандай күдікке ілінді?

Рассказать Вконтакте

25 қыркүйек күні Алматыда облыс әкімінің орынбарасы Бағдат Манзоров ұсталды. Оның нақты не үшін құрықталғаны әлі белгісіз. Бұл іске қатысты бірнеше ақпаратты "Время" басылымы ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Манзоров. Фото: Алматы телеарнасы

Бағдат Манзоров. Фото: Алматы телеарнасы

Басылым мәліметінше, Бағдат Манзоровтың мансаптық жолы кеңес заманынан басталған. Сол уақытта ол Талдықорған облысының Киров ауданында тұрған.

Бастапқыда мал жаюмен айналысқан Манзоров кейін әкімшілік қызметке тағайындалады. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін ол жеке секторда жұмыс істеуді жөн көреді.

90-шы жылдардың соңында Бағдат Манзоров мемлекеттік қызметке орналасуды шешкен.

Алғашында ол Алматы облысындағы аудандардың біріне басшы болып тағайындалып, кейін басқа ауданның басшылық қызметіне ауысқан.

Кейін де жетекшілік қызметтерді атқарған шенеунік Алматы қаласына көшіп келген.

Ал осы жылдың шілде айында ол Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Алайда екі жарым ай жұмыс істеген шенеунік бүгінде қамауда отыр.

Басылымның хабарлауынша, Манзоровқа қатысты сұрақтар қазір қалалық құрылысты бақылау басқармасы деп аталатын МСҚББ-ға байланысты туындаған. Яғни, бұл жағдайдың шенеуніктің соңғы жұмыс орнына қатысы жоқ.

"Время" басылымының редакциясына түскен ақпаратқа сәйкес, 2018 жылы Манзоровқа екі кәсіпкер - Ыбраев пен Баймаханов жүгінген.

"Басылымға белгілі болғандай, 2014 жылы кәсіпкерлер қазір "Ғаламат" атауын алған "Жайлау" ықшам ауданындағы көлемі 1,8 гектарды құрайтын жерді алған. Бұл ықшам ауданда қаланың әлеуеті жоғары тұрғындарына тиесілі жүздеген үй бар.
Кәсіпкерлердің өтінішінің себебі өз жер учаскесінің нысаналы мақсатын коммерциялық тұрғын үй құрылысынан жеке тұрғын үй құрылысына ауыстыру шешімі болды. Олар бұл мәселені МСҚББ шешуді көздеген", - деп жазады басылым.

Тергеу материалдарына сәйкес, аталған мәмілеге Әріпов есімді азамат делдал болған.

Сөйлесу барысында ол шенеунікті "жақсы жігіттерге көмектесуге" көндіріпті. Дегенмен, Манзоров көрсетілген қызмет үшін иеліктегі жер учаскесінің 30 сотығын сұраған.

"Элиталы аудандағы жерді тұтқындалған шенеуніктің қызы Айгерім Манзорова иеленген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте шарттың бір жыл бұрын жасалғаны көрсетілді", - делінген мақалада.

"Время" сілтеме жасаған құжаттарға сәйкес, аталған жер бөлігі Манзоровқа жайдан-жай берілмеген, ол 7,2 млн теңгеге сатылған.

Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте "Ғаламат" шағын ықшам ауданындағы 30 сотық жердің нарықтағы бағасы 300 млн теңгені құрайтынын айтып отыр.

Сонымен қатар, биылғы жылдың мамыр айында Алматы әкімінің қаулысымен учаскенің нысаналы мақсаты өзгерді. Алайда "жеке тұрғын үй құрылысының" орнына "кемпинг" бекітілді. Яғни, кәсіпкерлер бұрынғыдай сатып алған жерлеріне зәулім үйлер сала алмайтын болды деп жазады басылым.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінде шенеунікке бұлтартпау шарасын санкциялау үшін іс әлі келмегенін айтты.

Сонымен қатар, басылым Манзоровтың үстіен "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Бірақ, артынан ол "Алаяқтық" бабына өзгертілді.

Ал шенеуніктің көмекшісі журналистерге оның тергеу изоляторында емес, денсаулығына байланысты еңбек демалысында жатқанын түсіндірді.

Айта кетейік, осыған дейін Бағдат Манзоровтың тұтқынға алынғаны белгілі болды.

Материалды көшіріп басу мен пайдалану "Время басылымы" ЖШС рұқсатымен ғана жүзеге асады.

Сіздің реакцияңыз
6
0
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel