Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйықтап жатқанда төсімді ұстады": 19 жастағы ару нағашы атасынан шошып жүр

Опубликовано:

Жамбыл облысында тұратын 19 жастағы қыз нағашы атасының жиіркенішті ісі туралы айтты. Бойжеткен осы уақытқа дейін бұл туралы тірі жанға тіс жармаған екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Жазда нағашысының ауылына демалуға барған қыз сұмдық оқиғаны бастан кешіріпті.

Ол есінен адастырып, есеңгіреткен әрекетті дәл нағашы атасынан күтпеген екен.

Естен кетпес оқиғаны нәзік жанды Instagram әлеуметтік желісіндегі Kutpedim парақшасында баяндады.

"Тамақтанып болып, түсте дастархан жиегіндегі көрпешеге ұйықтап қалдым. Бір кезде төсімді әлдекім ұстап жатқанын сездім.

Көзімді ашуға қорықтым. Дереу теріс қарап жаттым. Көзімді ашпадым. Сосын біраз жаттым да, ояндым.

Қарасам, төбе жағымда нағашы атам ұйықтап жатыр. Арақтың иісі мүңкіп тұр", - дейді бойжеткен.

Енді ол "нағашы атасына жақындағым да келмейді" дейді.

"Бұрын қатты жақсы көруші ем. Ауылға барғанда құшақтаушы ем. Енді жиіркенемін. Анама ештеңе айта алмадым. Не деймін? Сіздің әкеңіз төсімді ұстады дейін бе? Сосын үлкен айқай шығады ғой", -деп күйінді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819934-jyktap-zatkanda-tsimdi-stady-zambyldyk-aru-nagasy-atasynan-sosyp-zr/

pixel