RU
Алматы жанындағы заманауи қалашықтың құрылысы қашан аяқталады?

Алматы жанындағы заманауи қалашықтың құрылысы қашан аяқталады?

Рассказать Вконтакте

Елімізде Алматы-Қапшағай тас жолының жиегінен орын тебетін ақылды-қала құрылысы жалғасын табады. Бұл туралы Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді деп жазады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Gate City. Фото: g4city.kz

Gate City. Фото: g4city.kz

Сарапшының айтуынша, Алматы облысының Іле ауданында олар 4 спутниктік қаланың бірі - Gate City салу жобасын қолға алған. Қазіргі уақытта мұнда жылу, су, газ, электр және уақытша жолдар төселген.

Құрылысты 2030 жылға дейін аяқтау жоспарланған. 60 мыңға жуық адам ақылды-қалада тұра алады.

Жобаны іске асыруға бюджеттен 35,9 млрд теңге бөлінді, олар ақылды-қалалардың негізгі жоспарларын әзірлеу мен бекітуге жұмсалды.

Қаланың оңтүстік бөлігі жайлы өмір сүру үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі, солтүстігінде агроөнеркәсіптік кластер кәсіпорындары құрылады деп болжануда.

Gate City. Фото: g4city.kz

Gate City. Фото: g4city.kz

Gate City. Фото: g4city.kz

Gate City. Фото: g4city.kz

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel