Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда ереже бұзып, қашып кетпек болған

Опубликовано:

Қазақстандық тағы бір азамат Оңтүстік Корея аумағындағы апаттың қатысушысы болды. Оның өзге мемлекетте заңсыз жүргені белгілі болды деп хабарлайды jnilbo.com басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Chung Sung-Jun/Getty Images
Көрнекі фото: Chung Sung-Jun/Getty Images: Facebook

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақпараты бойынша, оқиға 23 қыркүйек күні Кванджу қаласында орын алған.

Қазақстаннан келген заңсыз мигрант таксимен соқтығысыпты. Жол-көлік оқиғасынан кейін ол қашып кетуге тырысқан, бірақ көлік жүргізушісі оны ұстап алады.

Оқиғадан кейін құқық бұзушы жігіт тәртіп сақшыларына тапсырылған.

Полиция Қазақстан азаматының жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырғанын анықтады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамның өткен жылы елге турист ретінде келгенін білген.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні 20 жастағы қазақстандық азамат Оңтүстік Корея аумағында 7 жасар баланы қағып, келесі күні Кореядан кетіп қалған. Алайда жас жігіт отанына оралуды ойламапты

Кейін желіде азаматтың баланы қағып кеткені түсірілген видео пайда болды. Оқиға 10 күн бұрын орын алғанымен, күдіктіні әлі күнге дейін ұстап алған жоқ.

СІМ "оның іздерінің қайда апаратыны белгісіз" екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819946-tagy-bir-kazakstan-azamaty-otstik-koreada-ereze-bzyp-kasyp-ketpek-bolgan/

pixel