Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияның ең сымбатты актерлері кім?

Опубликовано:

Түрік телехикаялары жылдан жылға әлем жұртшылығының жүрегін жаулауда. Романтика мен шытырман оқиғалары қатар жүретін өнер туындысының басты кейіпкерлері де көпшіліктің назарынан тыс қалмайды. Назарларыңызға Түркияның ең сыматты актерлерін ұсынамыз.

Бурак Өзчивит "Королек – птичка певчая", "Великолепный век", сондай-ақ, "Черная любовь" телехикаяларының арқасында көпшілікке танылып, кино сүйер қауымның көзайымына аналды.

Кино әлеміне тап болмас бұрын актер өзін сән әлемінде көрсетіп жүрген еді. Ол 2003 жылы "Түркияның үздік сәнқойы" мен "Әлемнің үздік сәнқойы" атақтарын жеңіп алды.

2016 жылы Өзчивит "Королек – птичка певчая" хикаяясында басты рөлді сомдаған Фахрие Эвдженмен отбасын құрды. Қос ғашықтың тойы Босфор бұғазының жаға жайында, тарихи Sait Halim Paşa Yalıs сарайында өтті.

Акын Акынозю 1990 жылы Анкарада дүниеге келген. Ол ең алғаш рет "Азраил" атты словак хикаясына түсіп, эпизодтық рөлді сомдады. Сондай-ақ, танымал "Великолепный век. Империя Кесем" телехикаясында кішігірім рөлде ойнады.

2019 жылы жарық көрген "Ветреный" хикаясында жігіт басты рөлді сомдайды. Аталған телехиая актерге кең танымалдық әкелді. Ақынозюдің жанкүйер қыздары көп олғанымен, өнер иесінің жүрегі ос емес. Ол түрік актрисасы Бурджу Озберкпен кездеседі.

Идрис Неби Ташкан 1997 жылы Стамбұлда кәсіби баскетболшының отбасында дүниеге келді. Әкесі Идристи бала күнінен баскетболға баулып өсірді. Дегенмен жігіттің көңілі актерлық мансапқа тартып тұрды. Сол себепті Идрис театралдық училищеге түсуді жөн санайды. Актер еш қиындықсыз дегеніне жетеді.

Ол ең алғаш рет "Друзья - это хорошо" атты хикаяға түсті. Актердің фильмдер қоры әзірге тола қоймаған, алайда оның жасы мен өнерге келген уақытын есепке алатын болсақ, бәрі әлі алда екенін түсінуге болады.

2018 жылы ол "Госпожа Фазилет и ее дочери" атты телехикаяда басты рөлдердің бірін сомдайды. Сонымен қатар, Идрис күллі әлемге танылған "Великолепный век" телехикаясына түскен. Алайда актер эпизодтық рөлде ғана ойнады.

Актер өзінің жеке өмірін құпия ұстауға тырысқанымен, оның сүйген қызы бар екені көпшілікке мәлім.

Джан Яман 1989 жылы Стамбұлда туылды. 5 жасында ата-анасы ажырасып, актер анасымен бірге Стамбұлдың Суадие ауданында тұра бастайды. Яман отбасындағы жалғыз бала. Ол Bilfen Kolej бастауыш мектебінде, ал кейін италиялық "Lisesi" орта мектебін алтын белгімен бітірді.

2014-2017 жылдары "Любовь назло", "Кто из нас не любил?", "Полнолуние" телехикаяларында өнер көрсетті. Телехикаялар Джанның рейтингін көтере алды.

2018 жылы актер "Ранняя пташка" хикаясында Демет Өздемирмен бірге басты рөлді сомдады. Ұзын құлақтың сөзінше, тіпті, актерлер түсірілім кезінде бірін-бірі ұнатып, көңіл жарастырған екен.

Бурак Түркия астанасы Ыстамбулда, қарапайым жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Бала кезінен ол теледидардан көрініп, танымал болуды армандаған. Сондай-ақ, жас жігіт өзін жақсы физикалық формада ұстап жүрген. Көп ұзамай оның еңбегі бағаланып, жігіт модельдік агенттікке қабылданды.

2016 жылы жігіт "жизнь прекрасна, когда любишь" әзіл-сықақ сериалына қатысты. 2017 жылы Бурак "Безумная любовь", "Черный шрифт", "Обещание", "Ангелы тьмы" атты төрт картинада өнер көрсетті.

2013 жылы актер отбасын құрды. Дегенмен неке ұзаққа созылған жоқ. Қазіргі уақытта Бурак актриса Ойкю Челикпен қарым-қатынас құрды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819958-trkiany-e-symbatty-akterleri-kim/

pixel