RU
"Іш киіміме дейін жыртты": 20 жастағы ару өзін намазхан жігіті зорламақ болғанын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Іш киіміме дейін жыртты": 20 жастағы ару өзін намазхан жігіті зорламақ болғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Жоғары оқу орнында білім алатын 20 жастағы қыздың жігіттерден әбден көңілі қалған. Орамалдағы ару бақытымды таптым деп жүргенде намазхан жігіттің ойыншығына айнала жаздапты. Сүйіктісі зорламақ болған бойжеткен әлі күнге дейін есін жия алмай келеді деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ойындағы жігітін жолықтырып, бар сынаққа бірге қарсы тұрамыз деп ойлаған бойжеткеннің көзқарасы бүгінде қатты өзгерген.

Ол қазір ғашығынан көңілі қалмақ тұрмақ, жігіт атаулыға сенгісі келмейді. Себебі, сенім артқан сүйіктісі өзін зорламақ болған.

"Сол жағдайдан кейін əлі өз-өзіме келе алмай жүрмін. Оның сол кездегі көзқарасы, айтқан ауыр сөздері есіме түсіп кете береді. Бір қорқынышты түс көргендеймін. Бір Алла абыройымды сақтады, шүкір!

Содан соң жігіттерге мүлде сенуден қалдым. Жігітпен жеке қалудан қорқамын, жалғыз ешқайда бармаймын, қашқақтаймын.

Бірақ бұл жағдайды ешкімге айтпадым. Ұялдым, қорықтым",- дейді ару.

Ары таптала жаздаған бойжеткен қазіргі еркектердің бәрін зорлықшыға ұқсатады.

"Жабық киініп жүрсең ешкім тиіспейді. Ер адамдар артық ой ойламайды дейді. Қайдағы... Оның алдында ешқашан ашық-шашық жүрген емеспін.
Басыма тұрмысқа шықпасам да, орамал тағамын. Қазір барлық ер адам зорлықшыдай көрінеді. Тіпті, ұйықтап жатып жиі шошынамын",- дейді ол.

Жараланған жүрегін жаза алмаған бойжеткен махаббат сезімінен де қорқып қалыпты.

"Жаңа танысуларды мүлдем қажет етпеймін. Себебі жүрегім ешбір жанға сенбейді. Менімен танысқысы келетін жігіттерден шаршадым. Жан дүниемді емес, сұлулығымды сынайды. Көп жігіттердің ойында кəзір бір-ақ нəрсе. Неге? Ерлі зайыптылардың өмірі сол бір ғана нәрседен тұра ма?!",- деп күйінеді ол.

Намаз оқитын жігітінен қиянат көрген нәзік жанды басқа азаматтардан не күтерін де білмейді. Ал бұрынғы сүйіктісі әлі де өзін айналшықтап жүр екен.

"Әзірге ол жігіт әлі төңіректеп жүр. Не "кездеспеймін, кет" деп айта алмаймын. Не ішкиіміме дейін жыртып, зорламақшы болған түрін ұмыта алмаймын. Тұрмысқа шыққан күнде оның қасына қалай жатамын.

Жеңгем "мені де ағаң зорлаған басында" дейді. Бірақ менің қалауым ондай қарым-қатынас емес.

Жанымды түсінер жан болса ғой... Зорлықшыны күйеу қылып отырған келіншектер бар ма екен?!", -деген ару көпшіліктен кеңес сұрады.

Сіздің реакцияңыз
17
2
8
15
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel