Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айға дейін сүйемін": Мақпал Исабекова тыңдармандарын қызықтырып қойды

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы Мақпал Исабекова тағы да жанкүйерлерін қызықтырып қойды. Ол тыңдармандарына сүйгені бар екенін тұспалдап жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші қызыл түсті көйлекпен түскен суретін Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, "Мен сені айға дейін сүйемін" деген жазба қалдырды.

Бұны көрген желі оқырмандары "Әйтеуір осы күнге жеттік-ау", "Бақытты болыңыз", "Сіз үшін қуаныштымын", "Сіз бақытты болуға лайықтысыз" деген сынды пікірлер қалдырды.

Арасында Исабекованы атақты Дженнифер Лопеспен салыстырғандар да табылды.

"Қазақстандық Джей Ло", "Фигураңыз Джей Лоға ұқсап қалыпты", "Дженнифер Лопеске еліктейтін сияқтысыз" деді әртістің тыңдармандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819997-ajga-dejin-sjemin-makpal-isabekova-tydarmandaryn-kyzyktyryp-kojdy/

pixel