RU
ҚазҰУ студенті жастардың неліктен Q Pop бағыттағы әндерді тыңдайтынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

ҚазҰУ студенті жастардың неліктен Q Pop бағыттағы әндерді тыңдайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті Ерке Нұрланова қазіргі қазақ жастарының неге қызығатынын айтып берді. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ол, заманауи қазақ келіндерінің қандай болу қажеттігін де әңгімеледі.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

- Ерке, білуімізше, ҚазҰУ-дің студентісіз, қай факультетте оқып жатырсыз? Болашақ қай мамандықтың иесісіз? Осы мамандыққа өз қалауыңызбен келдіңіз бе?

Иә, мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдер факультетінің 4-курс студентімін. Өз мамандығым өзіме өте қатты ұнайды. Бұл мамандыққа өз қалауыммен келдім. Болашақта өз саламның білікті маманы боламын деп ниеттемін.

- Жас та болсаңыз, желідегі оқырмандар саны әжептәуір көп екен. Не себепті ? Жалпы блогерлікке қалай келдіңіз?

Негізі өзімді блогерлер қатарына жатқызбаймын. Оқырмандарым соншалықты көп те емес. Өзіме жетерліктей оқырмандар бар. Мен парақшама тек қызықты видеоларымды жариялап отырамын. Осы видеолар оқырмандарға ұнайтын болар, олардың саны қазір көбейіп келе жатыр. Ал оқырмандар саны көп болғандықтан, сұлулық салондары, мейрамханалар жарнамаға ұсыныс жасады. Олардан бас тартпаймын, оны жасырмаймын. Осылайша блогерлікті қолға алдым деп айтсам болады. Бірақ өзімді оқырмандары көп, танымал блогер ретінде санамаймын, әлі ондай дәрежеге жеткен де жоқпын.

- Желідегі суретіңізге қарап көз тамсанады. Сұлулық байқауларына қатыспадыңыз ба ? Жалпы қандай өнерге деген қызуғышылығыңыз бар ? Хоббиіңіз қандай? Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Көп рахмет, жалпы бала кезімнен бастап өте пысық болдым. Байқау, жарыстарды ешқайсысын жібермей, барлығына қатысуға тырысатынмын. Мектепте оқып жүрген кезімде, "Ең әдемі ару" деген сияқты байқаулар болатын, солардың барлығына қатысатынмын.

Ең үлкен жетістігімнің бірі – 9-сынып оқыған кезімде Алтын Маханбетованың Алматы қаласы бойынша "Ең әдемі ару" байқауына қатысып, бас жүлде жеңіп алғаным бар. Одан кейін Талдықорған қаласында "Мағжан аруы" болдым, тағы да сол сияқты жетістіктер көп.

Өнерге қызығушылығым бар, билеймін, өлең айтамын, қара өлең оқимын. Хоббиім көп, спортпен айналысқанды, оның ішінде волейбол ойнағанды жақсы көремін. Бос уақытымды тиімді өткізгенді ұнатамын.

- Қазір сізбен жасты жастардың көпшілігі Q Pop бағытындағы әндерді тыңдайды. Себебі неде? Өзіңіз де осы бағытты ұнатасыз ба? 91, Ньютон топтарының әндерін тыңдайсыз ба?

Иә келісемін, қазір осы бағыттағы әндер өте көп. Ондай топтар да баршылық. Жалпы мен оған қарсымын және ондай әндерді тыңдамайды екенмін. Ондай әндердің жастардың арасында кеңінен танылуының себебі – ол әндердің сөздері оңай, жеңіл. Сол себепті ондай жеңіл әндерді тыңдаушылардың саны көп деп ойлаймын.

- Өзіңіз блок жүргізетіндіктен, желідегі оқырмандарыңыз көп болғандықтан, сұрайын дегенім, қазіргі таңда желіде ашық-шашық образда бой көрсететін қыздар көбейген. Оның себебі неде деп ойлайсыз? Ондайға жалпы өзіңіз қалай қарайсыз ?

Иә, қазіргі таңда ашық-шашық киініп, ондай суретін желіге салып қоятын қыздар көбейген. Ондай арулар өзіне халықтың назарын аударып, оқырман санын көбейту үшін, осындай қадамға барады деп ойлаймын. Өзіме келер болсам, мен "оранып" киінбеймін, бірақ орнымен киіну керек деп санаймын. Мысалы апам айтады: "Сендер жассыңдар, қазір киінулерің" керек деп. Себебі кейін тұрмысқа шыққанда біз шортыны да, қысқа көйлекті де кимейтін боламыз. Жалпы тым ашық-шашық киінуге өзім қарсымын.

- Өзіңізді болашақ жар, ана, келін ретінде қалай көресіз? Заманауи қазақтың келіндері қандай болуы керек?

Бар арманым – әке-шешемнің үмітін ақтап, олардың атына кір келтірмеу, әрқашан олар мақтан тұтатындай қыз болу. Сол себепті болашақта құдай қаласа, жақсы жар, жақсы келін, жақсы ана болуға тырысамын, соған сенімдімін. Жалпы қандай келін болмасын, келін деген атқа сай болуы керек деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel