Головкиннің жекпе-жегін қай отандық телеарнадан көруге болды?
Орта салмақтағы Геннадий Головкин мен Сергей Деревяченконың Нью-Йорктің Madison Square Garden көптен күткен жекпе-жегін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары көрсетеді деп жазады Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Кездесудің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 6-қыркүйекте сағат таңғы 5:00-де басталады.
Ал кештің басты кейіпкерлері Головкин мен Деревяченко рингке елорда уақытымен таңғы 9-да шығады деп күтілуде.
Айта кетсек, осы күні Madison Square Garden аренасында шаршы алаңға тағы бір қазақстандық - Али Ахмедов та шығады.
Отандасымыз америкалық боксшы Эндрю Эрнандеспен қолғап түйістіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянчкенко IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионын анықтайды.