Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров аса ірі көлемде алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген. Бұл туралы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптары Ассамблеясының 8-ші отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол Манзоровқа қатысты тергеудің жалғасып жатқанын жеткізді.
"Оның әрекеті 190 баптың 4-бөлігі, 2-тармағына сәйкес – қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі көлемде алаяқтық жасауға сәйкес келеді", – деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта тергеушілер прокуратураға Манзоровқа қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгілеу туралы өтініш жолдады.
"Тергеу мүддесіне байлансты бұдан өзге ақпарат жария етілмейді", – деп түйіндеді спикер.
Бұдан бұрын "Время" басылымы Манзоровтың үстінен "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын артынан ол "Алаяқтық" бабына өзгертілгенін жазған еді.
Сондай-ақ бұған дейін Алматы облыстық және қалалық соттары бұлтартпау шарасына қатысты сұрақты қарау үшін істің әлі түспегенін мәлім еткен.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1820017-almaty-oblysy-kimini-orynbasary-iri-klemde-alaaktyk-zasady-dep-kdiktelude.html