RU
Танымал қазақ журналисі Тоқаевтың командасына қосылды
Жаңалықтар Қоғам

Танымал қазақ журналисі Тоқаевтың командасына қосылды

Рассказать Вконтакте

Танымал журналист Ержан Байтілес президенттің баспасөз қызметіне сектор меңгерушісі болып орналасты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ержан Байтілес. Фото: egemen.kz

Ержан Байтілес. Фото: egemen.kz

"Президенттің баспасөз қызметі тағы бір білікті кадрмен толықты. Журналистиканың қазанында қайнаған, "Ақ жол Қазақстан", "Алматы ақшамы", "Ана тілі", "Егемен Қазақстан" секілді іргелі басылымдарда жұмыс істеп, қазіргі қалам ұстаған қайраткер ағалардың тәлімін алған Ержан Байтілес бүгіннен бастап президенттің баспасөз қызметіне сектор меңгерушісі болып орналасты.
Ержан журналистикадан бөлек қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласты. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметінде жүріп біраз тәжірибе жинады.
Журналистикада, қоғамдық жұмыстағы тәжірибесі президент баспасөз қызметінің жұмысына өз септігін тигізеді деп ойлаймын.
Жұмысыңа табыс, шығармашылығыңа шалқар шабыт тілеймін, Ержан!", – деп жазды Берік Уәли.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel