Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі "Оскар" жүлдесіне ұсынылды

Опубликовано:

Әлемдік БАҚ Қазақстан атынан "Оскар-2020" жүлдесінің "Шетел тіліндегі үздік фильм" ("Үздік халықаралық көркем фильм/International Feature Film") номинациясына қандай кино қатысатынын хабарлады деп жазады Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: okino.ua
Фото: okino.ua: Facebook

Кино әлеміндегі беделді Hollywood Reporter америкалық басылымының жазуынша, Қазақстан "Қазақ хандығы. Алтын тақ" тарихи фильмін ұсынған.

Бұл "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" киноэпопеясының жалғасы, телехикаяның кино нұсқасы. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінң тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Centaurus Rustem Abdrashev production"компаниясымен бірігіп, режиссер Рүстем Әбдірашев түсірген.

"Оскар" жүлдесіне үміткер фильм ортағасырлық хандық дәуірінде қазақ ұлтының пайда болуы туралы баяндайтын эпикалық телехикаяның екінші бөлімі. Қазақстан Рүстем Әбдірашевтің қазақ халқының негізін қалаудың эпикалық тарихын баяндайтын хикаяның соңғы бөлімін ұсынды.

Басылым фильмнің сюжетін "XV ғасырда Қазақ хандығындағы тақтар таласы" деп атаған. Фильмде Сығанақ қаласы мен билік үшін Жәнібек пен Керей хандардың және олардың ұлдары Қасым мен Бұрындықтың Әбілхайыр Шайбани ұрпақтарымен шайқасқан тарихы қозғалған.

Кинотуындыда танымал билеушілерден бөлек басқа да тарихи тұлғалар бар: Қобыланды батыр, Рәбия Сұлтан Бегім, Ұлықбектің қызы және тағы басқалары.

Тарихи телехикаяның екінші маусымының сценарийін жазуға бірінші бөлімнің авторлары - Тимур Жақсылықов, Смағұл Елубай және Рүстем Әбдірашев қатысқан. Фильм Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романы желісімен түсірілген. Жоба идеясының авторы - ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Туында прокатқа 2019 жылдың наурызында шыққан.

Фильмді шығарушылар оны түсіру барысында тек көшпелі халықтың тарихи деректеріне ғана емес, ел арасында танымал көркем туындыларға да сүйенген. Мәселен, Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер", Олжас Сүлейменовтың "Аз и Я", Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен Тер", Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі" көркем фильміне негізделген.

Қазақстан Оскар жүлдесіне алғаш рет 1992 жылы фильм ұсынған. Ал 2006 жылдан бері жыл сайын туындыларын ұсынып келеді.

Осы уақыт аралығында қазақстандық фильм Топ-5 қатарына 2008 жылы бір-ақ рет енген. Бұл ресей-неміс-қазақстандық Сергей Бодровтың "Моңғол" фильмі болған.

2020 жылдан бастап "Шетел тіліндегі үздік фильм" ("Үздік халықаралық көркем фильм/International Feature Film") номинациясы бойынша тізім 10 фильмге дейін ұзармақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820024-kazak-handygy-almas-kylys-filmi-oskar-zldesine-synyldy/

pixel