RU
"Сындырады": Бақтияр Артаев Деревянченко мен Головкиннің кездесуіне болжам жасады
Жаңалықтар Қоғам

"Сындырады": Бақтияр Артаев Деревянченко мен Головкиннің кездесуіне болжам жасады

Рассказать Вконтакте

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында өтетін жекпе-жекке болжам жасады деп хабарлайды Prosports.kz.

Фото: instagram.com/gggboxing. Коллаж: NUR.KZ

Фото: іnstagram.com/gggboxing. Коллаж: NUR.KZ

"Шындығына келсек, бұл барлық бокс жанкүйерлері көргісі келетін жекпе-жектің бірі. Бұл жекпе-жектің болатынына қуаныштымын. Екі чемпион, екі мықты боксшы өте әдемі бокс көрсетеді деп сенемін", – дейді Артаев.

Айта кетейік, Бақтияр Артаев әуесқой бокста Сергей Деревянченкомен екі рет рингке шығып, жеңімпаз атанған.

Ол осыған орай Сергей туралы көзқарасымен бөлісті.

"Головкин де, Деревянченко да керемет боксшылар. Сергей өте шыдамды: мінезінің арқасында раунд өткен сайын қарқын қосып, қарсыласын "сындырады". Геннадий соққыларымен кез келген раундта қарсыласын жеңе алады, ал Деревянченко мұны негізінен алтыншы раундтан кейін жасайды.
Егер ол GGG-дан алтыншы раундқа дейін ауыр соққы жіберіп, ұтылып қалмаса, жетінші раундтан кейін Генаға қиын болады. Қалай болғанда да, мен досыма қолдау көрсетіп, оған жеңіс тілеймін", - деп түйіндеді Олимпиада чемпионы.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
4
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel