RU
«Еңбек» бағдарламасын түсіндіру бойынша семинарлар басталды
Жаңалықтар Пресс-релизы

«Еңбек» бағдарламасын түсіндіру бойынша семинарлар басталды

Рассказать Вконтакте

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша семинарлар өткізеді. Аталған шара қараша айының соңына дейін еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылады.

«Еңбек» бағдарламасын түсіндіру бойынша семинарлар басталды

«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына арналған семинар Қарағанды облысында басталды. Жиынға мемлекеттік сектор өкілдері, кәсіпкерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҮЕҰ мүшелері қатысты.

Шара барысында «Еңбек» бағдарламасын тереңірек зерделеуге бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушылар тегін кәсіптік білім алу, бизнесті бастау және жеңілдетілген бағдарламалардың мүмкіндіктерін талқылады.

Қарағанды ​​облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Төлеу мемлекеттік бағдарламаның тиімді бағыттары мен маңыздылығын түсіндірді.

«Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу саясатын жаңарту, адами капиталдың сапасын арттыру, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, атаулы әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес дамудың басым бағыттары саналады. Сол себепті бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілікті арттырудың тиімді жүйесін құруға, кәсіпкерлікті жаппай дамытуға, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған», - деп атап өтті ол.

Іс-шарада Қарағанды ​​қаласы жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» өкілдері сөз сөйлеп, бағдарламаның бағыттары мен қатысу шарттары туралы толығырақ түсіндіріп өтті.

«Еңбек» бағдарламасын түсіндіру бойынша семинарлар басталды

«Еңбек» бағдарламасы ең алдымен жұмыспен қамтылған халықтың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілер қысқа мерзімді оқудан өткен жұмыс іздеушілерді жұмысқа алуға әзір. Олар жүйелік білімнің құндылығын және қосарлы жүйеде оқыту арқасында алынған практикалық дағдыларды жақсы түсінеді. Әлемнің бір орында тұрмайтынын жақсы білеміз.

Сол секілді көптеген процесс өзгеріске ұшырап, жұмысқа қажетті дағдылардың тізімі де өсіп келеді. Яғни, бұл көптеген кәсіп адамдарының, мысалы, бухгалтерлердің қосымша курстардан өту қажет екендігін айғақтайды. Сондықтан бағдарлама аясында қолда бар білімді жаңартуға және қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға мүмкіндік бере аламыз», - дейді Қарағанды ​​қаласының жұмыспен қамту орталығы өкілі Надежда Русанова.

Аталаған семинарға көпбалалы аналар қауымдастығы өкілдері де келді. Солардың бірі, «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы Гүлшат Қожахметова аталған бағадарлама аясында жаңа кәсіп ашып, өз табысын арттыруға талпынысы артқанын айтады.

«Жұмыспен қамту орталығына барғанымда, көп балалы ана ретінде қысқа мерзімді курстардан өтуге мүмкіндігім бар екенін білдім. Менің мамандығым – аспаз. Бірақ күні бойы тік тұрып жұмыс жасауға денсаулығым мүмкіндік бермейді. Сол себепті бағдарлама шеңберінде тігін курсын таңдадым. Енді осы курс аяқталғаннан кейін міндетті түрде жеке бизнесімді ашамын деген шешімге келдім. Бақытымызға орай, бұл бастамада кәсіп ашып, өз жұмысын жалғастырамын деген жандарған министрлік жақсы қолдау білдіріп отыр», - дейді семинарға қатысушы.

Министрлік жоспарына сәйкес мұндай іс-шаралар еліміздің барлық аймақтарында өтеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel