Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Жанпейісов не үшін Бейбарыс Райымбеков болғанын айтып берді

Опубликовано:

Танымал блогер және "полицейлердің үрейі" Руслан жанпейісов өзінің аты мен тегін сми түрде өзгертті. Енді қол құжат бойынша Бейбарыс Райымбеков болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогердің айтуынша, ол мұны біріншіден өзіне "тарихи есімін" қайтару үшін, екіншіден оған "Руслан" есімі ешқашан ұнамағандықтан өзгерткен.

"Менің әкемді совет уақытында арғы атамның атын қолданып Жанпейісов деп жазған. Негізі менің атам - Райымбек. Менің ағаларымның бәрі бұрыннан әке жақтан Райымбеков тегін алған.
2019 жылдың 14-ақпанынан бастап менің есімім нормативтік базада ресми өзгерді, ал наурызда мен жаңа атпен жаңа жеке куәлік алдым.
Менде атым мен тегімді өзгерткенім туралы куәлік бар, сондай-ақ Бейбарыс Райымбеков атына жаңа туу туралы куәлік те бар. Негізінде мен екі есімге де қарсы емеспін, бірақ мен енді ресми Бейбарыс Райымбеков деп аталамын", - деді Жанпейісов.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйекте белсенді, қоғамдық құқық қорғаушы Руслан Жанпейісовтің ұсталғаны белгілі болды.

Оның үш бап бойынша айыпталып жатқаны айтылды. Ал кейінірек, оның қамаудан босатылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820053-ruslan-zanpejisov-ne-sin-bejbarys-rajymbekov-bolganyn-ajtyp-berdi/

pixel