RU
Дәурен Айдарқұлов алғаш рет Ақботамен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

Дәурен Айдарқұлов алғаш рет Ақботамен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Ақбота-Нұр Сейітмағамбетпен қарым-қатынасы туралы алғаш рет сұхбат берді деп жазады Gakku телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарнадағы "Если честно" бағдарламасына сұхбат берген актердан жүргізуші Тимур Балымбетов Ақботамен болған оқиға жайында сұрады.

"Бұл оқиғадан кейін менің бірінші жұбайым "көпке жарияланбасын" деген шарт қойды. Алайда "Гламур для дур" фильмінің жарыққа шығуына бір күн қалғанда Баян Мақсатқызы инстаграмына "Ақбота сүйіктісін кездестірді, аяғы ауыр" деп фото жариялады. Ол сөзді артынша өшіргенімен, оның миллиондаған оқырманы байқап қойды", - деді актер.

Актер жас келіншегі мен өзіне көптің негативті пікірі қалай әсер еткенін де айтып берді.

"Ақбота жас қыз, оған қарағанда мен үлкен адаммын. Менің өзіме қатты қиын болды. Бірақ ақылды адамдар "уақыт емдейді" деп ақыл айтты. Қазір бірінші жұбайыммен ресми ажырасқанмын. Ақботамен некедемін. Тіпті, ол менің фамилиямды алды. Ресми түрде мәлімдеймін "Айдарқұлова Ақбота", - деді ол.

Сондай-ақ ислам дінінде төрт әйелге дейін алуға болатынын айтқан әзілкеш тағы да әйел алуға дайын еместігін жеткізді.

"Мен өзімнің жарым Ақботаны өте қатты сүйемін. Махаббаттың не екенін түсіндім десем де болады. Жасым 34-те, бұған дейін мұндай сезім болмаған десем де болады. Бірінші жұбайымды махаббат болмады деп ренжіткім келмейді. Бірақ бұл басқаша", - деп Дәурен Ақботаға сезімі шынайы екенін жеткізді.

Актер екі әйел алуды ойлап жүрген бауырларына мұны ұсынбайтынын, бірақ әркім шешімді өзі қабылдайтынын айтты.

"Бірақ мен бұл үшін еш өкінбеймін. Ақботамен бірге екеніме қуанамын. Бұл үшін екінші рет үйленіп, бірінші әйеліммен ажырасу керек болды", - деді Айдарқұлов.

Сіздің реакцияңыз
60
0
10
3
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel