RU
Сыйлық алу үшін жалған үйлену тойын жасаған ер адам ұятқа қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сыйлық алу үшін жалған үйлену тойын жасаған ер адам ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Гуйчжоу провинциясының тұрғыны ақшалай сыйлық алу үшін жалған үйлену тойын жасады. Алайда "жалдап алған қалыңдығына" ақша төлеуден бас тартқан деп жазады Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

39 жастағы ер адам "жалға берілетін қыздар" агенттігінде жұмыс жасайтын Сяо Ли есімді қыздың қызметіне жүгінген.

Ару оның достары мен туыстарының алдында қалыңдықтың рөлін сомдап беруі керек болған.

Қытайлық азамат бойжеткенді 22-28 тамыз аралығындағы мерзімге жалдап, күніне 521 юань төлеуге келіскен.

25 тамызда өткен үйлену салтанатында қонақтар қытайлыққа шамамен 60 мың юань қаржылай сыйлық табыс етіпті. Ол тойдан түскен ақшаға жеке бизнесін ашуды көздеген екен.

Тойдан кейін олар бірнеше күн бойы провинцияда қыдырған. Сяо Лидің айтуынша, олар "екі түнді бірге өткізіпті". Алайда, жалдау мерзімі аяқталған соң ер адам ақшасын төлемей жоғалып кеткен.

Ол "қалыңдықты" барлық әлеуметтік желілерде бұғаттап, телефон қоңырауына жауап бермейтін көрінеді.

Келіншек көмек сұрап, заңгерлерге жүгінген. Алайда, олар екеуінің арасында жазбаша келісім болмағандықтан, қытайлықтан ақша өндіруге мүмкіндік аз екенін мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз
5
3
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel