RU
Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Сочиге шақырды

Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Сочиге шақырды

Рассказать Вконтакте

Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Сочи қаласында өтетін "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Сочиге шақырды

Владимир Путин және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бұл туралы президенттің баспасөз-хатшысы Facebook-тегі ресми парақшасында мәлімдеді.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен 3 қазанда Сочи қаласында өтетін "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады.

Шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады.

Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері қаралатын болады.

Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Иордания Королі ІІ Абдалла және Филиппин Президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Биыл "Валдай" халықаралық пікірталас клубының жұмысына 37 елден, 140-тан астам сарапшы қатысады", - деп мәлімдеді Берік Уәли..
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel