RU

Ақтөбе облысында ер адам өзінің әріптесінің атынан несие рәсімдеп алған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреу оның атына 88 мың теңге несие рәсімдегенін айтып, арызданған деп хабарлайды бөлімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облысында ер адам өзінің әріптесіне құпия түрде несие рәсімдеді

Көрнекі фото: pixabay.com

Департаменттің мәліметінше, өтініш қаралуға қабылданған. Көп ұзамай полиция күдіктіні анықтап, қамауға алды. Ол жәбірленуші ер адамның әріптесі болып шықты.

Арам ойын іске асырушы азамат танысының жеке деректері туралы ақпаратқа қол салған. Олардың көмегімен ол осы жылдың сәуір айында әріптесінің атынан 2 рет несие алған: біреуі 20 мың теңге, екіншісі 68 мың теңге.

Қазіргі уақытта істің мән-жайлары «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында анықталуда.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбе облысында ер адам өзінің әріптесінің атынан несие рәсімдеп алған
Mailfire view pixel