Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғасыр олжасы": СҚО-да Жошы ханның әулеті жерленген мазар табылды (фото)

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстанда археологтар сенсациялық жаңалық ашты. Олар Қызылжар ауылы маңынан Алтын орданың негізін қалаушы Жошы ханның әулеті жерленген мазарды таптық деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Жошы хан. Фото: abai.kz
Жошы хан. Фото: abai.kz: Facebook

Кесененің кескін-келбеті мен 1200 метрлік аумағынан дәулетті адамдардың қабірі барын бірден аңғаруға болады.

Бейітте екі кісінің денесі жатқаны анықталды. Көмілген мүрде Шыңғысханнан тараған төре тұқымына тиесілі болуы мүмкін. Қазба жұмыстары кезінде 14-16 ғасырға жататын көптеген көне бұйымдар да табылған.

Видеодан кадр/ КТК
Видеодан кадр/ КТК: Facebook

Әсірасе, археологтар 700 жыл бұрынғы құрылысшылардың еңбегіне таңдай қақты. Себебі, қанша жыл өтсе де, қыс кірпіштер сол қалпы сақталыпты. Олардың көлемі қазіргімен салыстарғанда едәуір үлкен екен.

Видеодан кадр/ КТК
Видеодан кадр/ КТК: Facebook
"Бұл мазардың алғашқы мәліметтерін қарап, алғашқы табылған заттарға қарасақ, олар осы Алтын орта дәуірінде бұл өңірде мемлекеттің, қалалардың болғанын дәделдейді. Таңқаларлық ғажайып оқиға деп отырмыз. Біздің ақтаңдақ беттеріміздің жаңа деңгейге көтеріліп, ашылатынына кәміл сенеміз", - дейді облыстық архив директоры Сәуле Мәлікова.

Мамандар бұл бейітті "ғасыр олжасы" деп отыр. Зираттағы қазба жұмыстары биыл тоқтатылмақ.

Ал келер жылы зерттеушілер қайта іске кіріспек. Зертеу жұмыстары аяқталған соң мазар қасиетті жерлер тізіміне еніп, мұражайға айналуы мүмкін. 

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820099-soltstik-kazakstanda-zosy-hanny-uleti-zerlengen-mazar-tabyldy-foto/

pixel