Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қураған ағаштарға жан бітіретін ақтөбелік шебер жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Болатбек Баймағанбетовтың қураған кәрі ағаштарды кәдеге жаратып жүргеніне он жылға жуықтаған. Орал қаласының тумасы қазір Ақтөбе қаласындағы қураған ағаштармен жұмыс істеп жүр. Ол әртүрлі жануарлардың мүсінінен бастап, адамдардың портретіне дейін жасайды. Тамар болып қиылып қалған ағаштарға екінші өмір сыйлап, қазақтың батырлары мен сұлуларының мүсінін ояды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ
Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ: Original

Ақтөбелік шебердің кішкентай мүсіндермен жұмыс істеп бастағанына тоғыз жылдан асқан. Ал көлемді мүсіндермен айналысып жүргеніне алты жылдай болыпты.

"Өзім үй жануарларын, жылқыны жақсы көремін. Солардың мүсінін бастап жасадым. Тәжірибе жинап алғаннан кейін, ағаштың мөлшері келсе кез келген мүсінді салып жүрмін. Үлкен мүсіндермен айналысып жүргеніме алты жылдай уақыт болды.
Төрт жылдан бері сұранысқа жұмыс істей бастадым. Ат ұстайтын атбегілер атқа, итті жақсы көретіндер иттің мүсініне тапсырыс береді. Тарихшы кісілерге сауытымен қазақтың батырлырын жасап бердім. Қазақтың астауларын да жасаймын. Менің астауымның ерекшелігі астында екі батыр көтеріп тұрады", - дейді Болатбек Баймағанбетов.
Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ
Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ: Original

Дегенмен, таза қолөнер түрін қолдаушылар аз. Экологиялық таза өнімге көпшілігі қызыққанымен тапсырыс берушілер көп емес.

Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ
Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ: Original

Шебер қазір жеке кәсіпкердің сұранысымен жарнамалық ертегі батырының мүсінін ойып жатыр.

Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ
Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ: Original

Жұмысын бір аптада бітіруді жоспарлап отыр.

Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ
Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ: Original

Қолынан өнер тамған ер адам демеушілер табылса қаладағы барлық қураған ағаштардан ертегі кейіпкері мен қазақ батырларының мүсініне айналдырғысы келеді.

"Қолдау тапса ертегі кейіпкерлерімен қаланы безендіргім келеді. Қазақтың ертегі кейіпкерлерімен ағаштан орындықтар жасау ойымда бар", - дейді шебер.
Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ
Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820102-kuragan-agastarga-zan-bitiretin-aktbelik-seber-zajly-ne-bilemiz/

pixel