RU
Головкиннің қарсыласы Сергей Деревянченконың жүрегін жаулаған ару кім?
Жаңалықтар Қоғам

Головкиннің қарсыласы Сергей Деревянченконың жүрегін жаулаған ару кім?

Рассказать Вконтакте

Әрбір жетістікке жеткен ер адамның артында әйелдің шексіз махаббаты тұрады. Жүрегін жылытар нәзік жандылардың арқасында әлемді бағындырып жатқандар аз емес. Осы орайда Prosports.kz порталы үздік боксшылардың бірі, отандасымыз Геннадий Головкиннің қарсыласы Сергей Деревянченконың жүрегін жаулаған арумен таныстыруды жөн көрді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сергейдің таңдаған аруының есімі - Ирина. Олар Матвей есімді ұл тәрбиелеп отыр. Деревянченконың кәсіпқой боксқа ауысуына байланысты отбасы да АҚШ-қа көшкен.

Ирина берген сұхбаттарының бірінде өзге елге көшкен кезде тіл жағынан біраз қиындық болған. Ол ағылшын тілін практикалық түрде мүлдем қолданбапты.

Ирина Деревянченконың Instagram желісінде парақшасы жоқ. Дегенмен Сергей өзінің парақшасына жұбайы мен ұлының суреттерін жиі салып отырады.

Естеріңізге салсақ, Головкин-Деревянченко кездесуі 6-қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. "Qazaqstan" және "Qazsport" арнасы жекпе-жектен тікелей трансляция жасайтын болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel