Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Биік өкшелі туфли кимейтін болдым": Әлмира Тұрсын өзінен 11 жас үлкен күйеуі жайлы айтты

Опубликовано:

Жақында ғана прокатқа шыққан "Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Әлмира Тұрсын отбасылық өмірін, күйеуі мен қарым-қатынасы туралы айтып берді деп жазады Астана телеарнасындағы "Оңай емес" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әлмира Тұрсын күйеуімен. Фото: NUR.KZ
Әлмира Тұрсын күйеуімен. Фото: NUR.KZ: Instagram

Әлмираның айтуынша, ол күйеуімен ғаламтор арқылы танысқан. Ол кезде күйеуі Мәскеуде оқуда болған екен. Сөйтіп екі елде жүрген олар Алматыда кездескен.

Сондай-ақ актриса күйеуінің жасы өзінен едәуір үлкен екенін де айтты.

"Мен бұрын үлкендермен мүлдем араласпағанмын. Ол менен 11 жасқа үлкен. Бұрындары басқалармен аралассам да, менің оларға жеке тұлға ретінде қызығушылығым болмаған", - дейді Әлмира Тұрсын.

Сонымен қатар ол күйеуінің бойы өзінен кішкентай екенін, тіпті биік өкшелі аяқ киім киюді қойғанын да атп өтті.

"Қыз күнімде өзімнен бойы кішкентай жігіттерге қарамайтынмын. Тіпті ондайға тұрмысқа шығу ойымда болмаған. Онымен алғаш кездескенде де ойымда ештеңе жоқ еді. Менің бойым – 175, ол –170 см. Біз өкшелі туфли кисем, одан ұзын болып кетемін. Маған ыңғайсыз.
Сөйтіп мен биік өкшелі туфли кимейтін болдым. Бұны байқап қойған ол менен неге биік өкшелі туфли кимейсің деп сұрады. Мен жай ыңғайсыз деп айттым. Кейіннен ол маған әдемі биік өкшелі туфли сыйлай бастады. Биік өкше киген күні онымен вальс билегім келмейтін", - деп ағынан жарылды ол.
Әлмира Тұрсын күйеуімен. Фото: Instagram
Әлмира Тұрсын күйеуімен. Фото: Instagram: Facebook

Әлмираның күйеуінің бойы өзінен кішкентай екеніне қымсынса да, жолдасы бұған еш қысылмайтынын айтқан.

"Бір күні ол маған "Білесің бе, мені бойымыздағы айырмашылыққа мен мүлдем қысылмаймын. Саған да осылай кеңес беремін" деді. Ал мен оған "біз анасы мен баласы сияқтымыз" дедім. Ол болса "Сүйіктім біз олигарх пен модель сияқты көрінеміз", - деген күйеуінің сөзідерін еске алған актриса осылайша ұялуды доғарғанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820120-lmira-trsyn-zinen-11-zas-lken-kjeuimen-kalaj-tanyskanyn-ajtyp-berdi/

pixel