RU
Ләйлә Сұлтанқызы бала Қайраттың қандай болғанын көрсетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ләйлә Сұлтанқызы бала Қайраттың қандай болғанын көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың бала кезіндегі суретін жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің оқушы кездегі суретімен тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.

"Бірінші суретте бала Қайрат пен Ләйлә апай. Араларыңызда Ләйлә апай болып жүргендер бар ма? Соңғы видеоларымның астына маған да біразы толып кетіпсіз деп ұрсып жатыр", - деді Ләйлә Сұлтанғазы суреттің астындағы жазбада.

Бұны көрген желі оқырмандары "Бұрынғы суретке қарағанда, қазір жас көрінесіздер", "Екінші суретте Қайрат ағай мен Ләйлә апай", "Қайрат та, сіз де өз салаларыңыздың үздіктерісіздер", "Екеуіңізді де құрметтеймін" деген пікірлерін қалдырды.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова оқушы кезіндегі суретін көрсеткен болатын

Сіздің реакцияңыз
3
1
3
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel