RU
"Нөмірін беруден бас тартты": Ернар Айдар келіншегімен қалай танысқанын айтып берді

"Нөмірін беруден бас тартты": Ернар Айдар келіншегімен қалай танысқанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Жантебірентер әндерімен көпшіліктің көңілінен орын алған танымал әнші Ернар Айдар өмірлік жары Мадинамен қалай танысқанын айтып берді деп жазады "Время" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдар 2017 жылы жол апатына түскен кезінде үйленуге шешім қабылдаған. Оның айтуынша, әр адамның өміріндегі ең басты нәрсе - отбасы екенін ауруханада жатқанда ұғыпты.

"Әр адамның өміріндегі басты нәрсе - отбасы екенін түсіндім. Омыртқамның сынуынан депрессияға түскен мен дереу үйленуге шешім қабылдадым", - деді әнші.
Ернар Айдар келіншегі Мадинамен. Фото: instagram.com

Ернар Айдар келіншегі Мадинамен. Фото: instagram.com

Сондай-ақ ол өзіне осындай шешімді қабылдатқан жанның кім екенін айтып берді.

Айтуынша, келіншегімен өзінің концертінде танысқан, бірақ жұбайын өзінің фанаты болмаған.

Тіпті, болашақ келіншегі Мадина өзімен суретке түсуге құлық танытпаған.

"Бір күні концерттен соң, грим бөлмесіне қатты селфи жасағысы келген бір жанкүйерім келді. Онымен бірге сыртта күтіп тұрған құрбысы болды. Ол суретке түсуге құлық танытпады. Мүмкін дәл осынысы мені тартқан болар, сыпайы қызға қарай бастадым.
Сөйтіп досымнан оның Инстаграмы немесе телефон нөмірі қандай екенін біліп беруін өтіндім. Оның есімі Мадина екен, әрине ол байланыс нөмірлерін беруден бас тартты. Бірақ кейінірек біз бәрін біліп алып, мен оған жаздым.
Бұл 2017 жылы емес, 2015 жылы болған. Әрі қарайғы өміріме байыппен қарай бастаған сәтте оны есіме түсіріп, оның маған сүйікті әйел және ата-анама жақсы келін болатынын бірден түсіндім", - деді ол.

Сонымен қатар әнші жұбайы Мадинаның жанкүйерлерінен қызғанбайтынын, тек қуананатынын, кейде қорқатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel