RU

"Кешью" тобының жаңа бейнабаянына түскен Аша Матайдың ағасы қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар "Кешью" тобы жаңа бейнебаянын тыңдармандарына тарту етті. "Қош енді" деп аталатын туындыға Аша Матайдың ағасы Айдар Асқарбек түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Клип Гәкку телеарнасының Youtube желісіндегі парақшасында жарияланды.

Су жаңа бейнебаян бір күннің ішінде 100 мыңнан аса қаралым жинаған.

Төрт мыңға жуық тыңдарман "Қош енді" туындысынының ұнағанын білдірсе, екі жүзден астам оқырман "дизлайк" батырмасын басып, көңілден шықпағанын жеткізді.

Клипте екі жастың махаббат оқиғасы шынайы суреттеледі. Бейнебаянның басты рөлін Аша Матайдың ағасы Айдар Асқарбек пен Әйгерім Мақсұтова сомдады.

Айта кетейік, актриса қыз қалың көрерменге "Махаббат бекеті-2" фильмі арқылы танымал.

Су жаңа бейнебаян туралы "Кешью" тобының қыздары Instagram желісіндегі парақшасында өз ойларын білдірді.

"Қош енді" әніне түсірілген бейнебаянды көрдіңіздер ме? Не ұнады, не ұнамады? Ән көңілдерңізден шықты ма? Рэп ше?", - деді белгілі топтың қыздары.

Бұны көрген желі оқырмандары бейнебаянның сәтті шыққанын айтып, жылы пікірлерін жарыса жазды.

Арасында Аша Матайдың ағасы Айдар Асқарбектің өз рөлін жоғары дейгейде алып шыққанын білдіргендер де болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Кешью" тобының жаңа бейнабаянына түскен Аша Матайдың ағасы қызу талқыға түсті (видео)
Mailfire view pixel