Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тыңдармандарының қасына жүгіріп барған Ернар Айдар елдің алғысына бөленді

Опубликовано:

Белгілі әнші Ернар Айдар концертке дайындалып жатып, жасы егде тартқан әйел адамға күртешесін ұсынды. Қазақ эстрадасы жұлдызының әрекетін желі оқырмандары жоғары бағалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Видеоны әртіс Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, "Апамды таныған шығарсыздар? Дайындыққа шықсам апам ерте келіп отыр, жаным сол", - деген жазба қалдырды.

Бұны көрген желі оқырмандары "Абыройыңыз арта берсін", "Қарапайымдылығыңызға тәнтімін", "Ернар Айдарға ризамыз", "Үлкендердің алғысын алғанға не жетсін", "Жарайсың бауырым" деген пікірлерін қалдырды.

Тыңдармандардың сөзіне сенсек, оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең ауылында орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820139-tydarmandaryny-kasyna-zgirip-bargan-ernar-ajdar-eldi-algysyna-blendi/

pixel