RU
"Ештеңеге өкінбеймін": Серік Сәпиев кезінде Головкиннің көмегінен неге бас тартқанын мәлімдеді

"Ештеңеге өкінбеймін": Сәпиев кезінде Головкиннің көмегінен неге бас тартқанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы кезінде Геннадий Головкиннің көмегінен неліктен бас тартқанын айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Фото: ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Серік Сәпиев әуесқой рингте бірнеше рет жеңілгеннен кейін кәсіпқой бокста бақ сынап көруді жоспарлағанын екен.

2008 жылы оған қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қолдау көрсетуге уәде берген. Ол кезде GGG Германияда жаттығып жүрген, отандасын да сол жерге шақырыпты.

"Ол кезде шынымен де кәсіпқой боксқа ауысқым келді, алайда, жақындарымның қолдауының арқасында күш тауып, Олимпиада чемпионы атандым. Кәсіпқой бокста өзімді сынап көргенімде жақсы болар еді, дегенмен, бәрі осылай болды, ештеңеге өкінбеймін", – деп мәлімдеді 2012 жылғы Олимпиада чемпионы.

Сондай-ақ Серік Сәпиев бокс федерациясының 2013 жылы оның өмірбаяны негізінде фильм түсіруді ұсынғанын айтады. Алайда, ол идеяны іске асыру процесі түсірілімге ақша іздеуге байланысты кейінге қалдырылыпты.

Сәпиев федерацияның ұсынысынан бас тартпағанын, бірақ картинаны түсіруге қаражат іздемегенін мойындады. Жобаны іске асыруды режиссер Ақан Сатаев қолға алыпты.

"Өзінің өмірбаяны негізінде фильм түсірілгенін кім жаман көрсін. Фильмге синопсис жазу барысында мен өз өмірімдегі фактілерді айттым. Режиссерлер мен сценаристер көрермендерге қызықты болатын нақты сұрақтар қойды", – деді Серік Сәпиев.

Спорт комитетінің басшысы актерлік тәжірибесі мен білімінің жоқтығына байланысты фильмнің басты кейіпкерін ойнауға батылы жетпегенін айтады, дегенмен кадрда эпизодтық рөлден көрінуге қарсы емес.

Режиссер Ақан Сатаев фильмнің басты кейіпкерін сомдайтын актерді әлі таппағанын мәлімдеген, бірақ сценарий жазу жұмысы жалғасуда. Болжам бойынша, түсірілім келесі жылдың басында басталады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel