Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәтерінде 8 жыл бойы өлі күйінде жатқан ер адам табылды

Опубликовано:

Германияның батысындағы Зенден қаласының өрт сөндірушілері пәтерлердің бірінен 59 жастағы ер адамның қаңқасын тапты деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Көппәтерлі үйдің жертөлесінде өрт шыққан. Соған байланысты өрт сөндірушілер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мақсатында пәтерлерді аралап, ескерту жұмыстарын жүргізген.

Пәтерлердің бірінде ешкім жауап бермегендіктен олар есікті бұзып кірген. Өрт сөндірушілер іштен ер адамның қаңқасы мен иттің өлігін тапты. Болжам бойынша, үй жануары аштықтан өлген.

59 жастағы пәтер иесі Х. Хайнц есімді азаматты тірі кезінде соңғы рет 2011 жылы көріпті. Оның пошта жәшігі толып кеткен. Ал ауладағы автокөлігі шіріп, дөңгелектерінің желі шығып тұрғанына біраз болған.

Ер адамның көршісі Анжелика Хавенер біртүрлі иіске шағымданып, түрлі мекемелерге жүгінгенін айтады. Алайда, тұрғын үйдің басшылығы да, полиция да ешқандай шара қолданбағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820170-pterinde-8-zyl-bojy-li-kjinde-zatkan-er-adam-tabyldy/

pixel