RU
Түнімен телефон ойынын ойнаған 25 жастағы жігіт қайтыс болды

Түнімен телефон ойынын ойнаған 25 жастағы жігіт қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Таиландтың Чонбури провинциясының тұрғыны түнімен ұялы телефонындағы ойынды ойнап, таңертең ұйқысынан оянбады деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, 25 жастағы Састра Моин 27 қыркүйек күні кешкісін төсегінде жатып, бір уақытта бірнеше смартфонмен ойын ойнаған.

Куәгерлердің болмауына байланысты таиландтық жігіттің өлімінің нақты себебі айтылмады.

Алайда тергеу нұсқасы бойынша, ер азамат ұйқыға кеткенде, электр тоғы соққан.

Оның денесін туған әпкесі тауып, үй ішіндегі барлық электр сымдарды өшіріп, полицияға хабар беріпті.

Тәртіп сақшылары ер азаматтың мәйітінен қинап өлтіру белгілерін таппағын жеткізді.

Олар 25 жастағы Састра Моин тоқ тартудан қаза табуы мүмкін деген болжамдарын жасады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel