Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерболат Құдайбергеннің қарындасы "Томирис" фильміне түсу үшін шашын тақырлап алған

Опубликовано:

Қазақ өнерінде өзіндік орны бар Қанат және Айткүл Құдайбергеновтердің жалғыз қызы Салтанат "Томирис" фильміне түсу үшін үлкен құрбандыққа барған. Актриса әрі әнші 31 телеарнадағы "Айта берсін" бағдарламасында тарихи туындының түсірілімі кезінде шашын алып тастағанын ашып айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/31 арна
Видеодан кадр/31 арна: Instagram

Ерболат Құдайбергеннің қарындасы белден түскен бұрымын кесу үшін ата-анасының рұқсатын алғанын жасырмады.

"Ақан Сатаевтың "Томирис" фильміне бір рөлге тақырбас қыз керек болды. Содан ата-анаммен ақылдасып, ағаларымнан рұқсат сұрадым. Әке-шешем "сен актрисасың ғой, бұл саланы не үшін таңдадың, барда істе" деді. Анам менің шашымды мүлде қидыртпайтын еді. Қатты таңғалып қалдым. Шашымды алдырып тастадым. Соның арқасында өмірде де жеңілдеп қалғаным бар", - деді Салтанат.

Ол кино саласынан бөлек, әншілікпен айналысатынын, қазіргі уақытта бірнеше бейнебаяны бар екенін атап өтті.

Өнер иесі демеушісі жоқ екенін, бейнебаянына қаржыны өзі еңбектеніп жинағанын жеткізді.

Сондай-ақ, әртіс көйлек кигенді ұнатпайтынын жасырмады.

Телеарнаның мәліметінше, Салтанат Құдайбергенова өнер жолына банктегі жұмысын тастап келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820186-erbolat-kdajbergenni-karyndasy-tomiris-filmine-tsu-sin-sasyn-takyrlap-algan/

pixel