Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектепке балта ұстап келген жасөспірім басшылықтың үрейін ұшырды

Опубликовано:

Ресей мектептерінің бірінде 8 сынып оқушысы сабаққа балта ұстап келген. Білім ордасының директоры оның қолынан балтаны тартып алған деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Омбутсмен Геннадий Прохорычевтың айтуынша, мектепке балтамен келген оқушының ниеті дұрыс болмаған, оның ашуға булыққаны байқалған.

"Құдайға шүкір, бұл жағдайда мектеп басшылығы өте жақсы әрекет етті. Директор баланы тоқтатып, қолындағы балтасын алып қойды, зардап шеккендер жоқ. Алайда, балта оның сөмкесінде емес, қолында болғаныны атап өткен жөн", – деп мәлімдеді Геннадий Прохорычев.

Ол сондай-ақ баланың өз қатарластарымен қарым-қатынасы дұрыс болмағанын, отбасындағы ахуалы да нашар екенін атап өтті.

Жасөспірім бұған дейін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның есебіне алынған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820198-mektepke-balta-stap-kelgen-zasspirim-bassylykty-rejin-syrdy/

pixel